Ақтөбеде кітапхана жүйесі жанында 6 коворкинг орталығы ашылады

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Манас Ершеге, Аслан Жұмашев, Сұлтан Асанов, Мира Балтымова «Өнер орталығы» ұжымымен онлайн кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, өнер адамдарының өзекті сұрақтарына жауап берді.

«ZOOM» форматында өткен онлайн кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер де қатысты. Партияның сайлауалды жеті бағытына тоқталып, алдағы сайлауға шақырды.

‒ «Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды. Бүгінгі таңда қаламызда  90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.Олар этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосады.Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктердің қызметін қолдайды. Конфессия аралық және этникалық келіспеушіліктердің алдын алу жөніндегі жұмысын жалғастырады.  Қазақстандықтардың мұрасын танымал ету үшін ұлы тұлғалардың мерейтойларын өткізеді. Сонымен қатар жыл сайын 600 мың адамды қамтитын 50 мәдени ойын-сауық іс-шараларын өткізуге қолдау көрсететеді, ‒ деді Мира Балтымова.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Тарихы мен мәдениеті бай қала» бағыты бойынша қаламызда орналасқан мәдени ошақтардың құрылысын жаңартуға жәрдемдесетін болады. Соның ішінде Г.Жұбанова атындағы филармония,  Жаңақоныста  пен  Пригородныйда орналасқан  мәдениет үйлері қайта жаңартылады.

‒ Өнер адамдары үшін қаламызда мәденит орталықтарының көптеп cалынғаны дұрыс. Әрқашан өнерлі жандардың жарқырып жүргенін қалаймыз. Осы бағдарламада мәдени саланың бағыты болғаны үшін қуанамын. Себебі мәнеиет біздің басты құндылығымыз. Алдағы бес жыл ішінде Ясное, Кызылжар және Өрлеу тұрғын массивтерінің кітапханасы бар мәдениет үйлерінің құрылысының жандануына «Nur Otan» партиясы жәрдемдесетін болады. 2021-2025 жылдарда 118 орындық кітапхана жүйесі жанында 6 коворкинг орталығы ашылады. «Өнер орталығы» ұжымының көбі жастар екенін аңғарып отырмын. Сондықтан біздің партияның жастарды қолдайтынын айтып өткім келеді. Жастардың жұмысқа орналасуы үшін барлық жағдай жасалады. Олардың кәсіп бастап, үй алуына да жәрдемдеседі, ‒ деді Аслан Жұмашев.

whatsapp image 2020 12 30 at 14.04.58

Ал Сұлтан Асанов болса «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қаласының бағдарлама аясында жайлы қалаға айналатынын айтып өтті. Кездесу соңында «Өнер орталығының» ұжымы кандидаттарды келер жылдағы концерттерге көмектесіп, қолдау танытуын сұрады. Сонымен қатар қаламыздың жандануы үшін үлес қосып, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

Back to top button