Йеменде жойқын жарылыс болды (видео)

Йеменде жойқын жарылыс болды (видео)

Йеменде жойқын жарылыс болды (видео)
ашық дереккөзі
Оңтүстік Йемен астанасы Аден әуежайында жойқын жарылыс болды. Ал бұл кезде үкіметтік делегация Сауд Арабиясынан келіп, ұшақтан түсіп жатқан сәт еді. Қаза тапқандар мен жаралы болғандар бар, бірақ министрлердің ешбірі жарақат алған жоқ. бұл туралы  РИА Новости хабарлады. Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға орнындағы барлық министрлер Адендегі үкімет сарайына жеткізілген. Ал жарылыс салдарынан бес адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алды "Аден әуежайының ұшып келу залында қатты жарылыс болды. Жаңа үкіметтің министрлері ұшақ ішінде отырғандықтан, олардың ешбірі жарақат алмады. Ал өзге жолаушылар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар", – деп хабарлайды РИА Новости.Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған.
  Ақпарат көзінің дерегінше, барлық министрлер Адендегі үкімет сарайына жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша бес адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алды. Айта кетейік, желтоқсан айында Сауд Арабиясында отырған Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындады. Оның құрамына Оңтүстік Йеменнің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йеменнің Өтпелі Кеңесінің бес өкілі кірді. 2014 жылы Санадағы билікті хути көтерілісшілері басып алғаннан кейін, сәрсенбіде жаңа үкімет мүшелері Эр-Риядтан Аденге келді. Өйткені, ол Йеменнің халықаралық мойындалған билігінің уақытша астанасы болатын.