Путин Елбасы мен Тоқаевты құттықтады

Путин Елбасы мен Тоқаевты құттықтады

Путин Елбасы мен Тоқаевты құттықтады
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Путин өз құттықтауында Ресей-Қазақстан байланысы стратегиялық серіктестік және одақтастық негізінде дамып жатқанын атап өтті. Путин өз құттықтауында Ресей-Қазақстан байланысы стратегиялық серіктестік және одақтастық негізінде дамып жатқанын атап өтті. Ол мемлекеттер арасындағы диалог барлық деңгейде белсенді жүріп жатқанын жеткізді. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге салалар жан-жақты қамтылған, деді Ресей президенті. Көрші ел президенті Ресей мен Қазақстан түрлі халықаралық ұйымдар және құрылымдар аясында да бірлесе жұмыс істейтініне назар аударды. Келер жылы да өзара әріптестік пен бірлескен жұмыс жемісті болатынына сенім білдірді.