Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы
Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы
ADAL партиясынан депутаттыққа үміткер Ақмарал Бекмұрзаева ҮЕҰ жетекшілері және ата-аналармен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында емге мұқтаж балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмектің сапасы талқыланды. Осы мәселелер тұрғысынан нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар да қаралды. ҮЕҰ өкілдері мен ата-аналар балаларды оңалту мәселесіне шағымданды.
«Аймақтық миссиялар кезінде партияға осы проблема туралы көптеген хабарлама келіп түсті. Көптеген аймақта оңалту орталықтары жоқ, сондықтан балалар қажет көмекті алмайды», – деді Ақмарал Бекмырзаева.
Кездесуге қатысушылар мәселенің өзектілігін растады. Сондай-ақ олар дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, медициналық қызмет көрсету проблемалары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дене шынықтыру орталықтарының жоқ екенін атап өтті. Тағы бір маңызды мәселе – аналар үшін психологиялық көмектің болмауы.
«Босанған анаға перзентханада психологиялық көмек көрсетілуі керек. Психолог әйелді қолдауы, оны бала тәрбиелеуге дайындауы тиіс», – деп атап өтті Ақмарал Бекмұрзаева.