Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы

Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы

Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы
ашық дереккөзі
ADAL  партиясынан депутаттыққа үміткер Ақмарал Бекмұрзаева ҮЕҰ жетекшілері және ата-аналармен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында емге мұқтаж балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмектің сапасы талқыланды. Осы мәселелер тұрғысынан нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар да қаралды. ҮЕҰ өкілдері мен ата-аналар балаларды оңалту мәселесіне шағымданды. «Аймақтық миссиялар кезінде партияға осы проблема туралы көптеген хабарлама келіп түсті. Көптеген аймақта оңалту орталықтары жоқ, сондықтан балалар қажет көмекті  алмайды», – деді Ақмарал Бекмырзаева. Кездесуге қатысушылар мәселенің өзектілігін растады. Сондай-ақ олар дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, медициналық қызмет көрсету проблемалары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дене шынықтыру орталықтарының жоқ екенін атап өтті. Тағы бір маңызды мәселе – аналар үшін психологиялық көмектің болмауы. «Босанған анаға перзентханада психологиялық көмек көрсетілуі керек. Психолог әйелді қолдауы, оны бала тәрбиелеуге дайындауы тиіс», – деп атап өтті Ақмарал Бекмұрзаева.  width= «Бізге тегін ештеңе қажет емес. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек уақтылы және шынымен сапалы болуын сұраймыз», – деді жиынға қатысушы. Ақмарал Бекмұрзаева ADAL партиясы бұл мәселелерді қараусыз қалдырмайды және бұл проблемалардың нақты шешімін әзірлейді деп сендірді.