Өз қызын 5 млн теңгеге құлдыққа сатпақ болған

Мәскеуде өз қызын жыныстық құлдыққа сатпақ болған әйел ұсталды.

Әйел 13 жастағы қызын эротикалық фотосессия жасауға мәжбүр еткен, фото кадрлары қыздың телефонынан табылған.

Ресейлік әйел арнайы жедел қызметкерлер бақылауында болған. Ол қызын Мәскеудің солтүстігіндегі қонақүйлердің бірінде сатып алушымен «келісім» жасау кезінде ұсталған. Әйел полиция қызметкерлеріне үш баласы бар екенін, ал қыздың әкесі түрмеде отырғанын айтқан.

Қазір оқушы қыз қамқоршылық органдарына берілді.

Тергеу мәліметтері бойынша, әйел қараша айында қызының құлдыққа сатылатыны туралы «жыныстық қызмет көрсету» бойынша интернетке жарнама орналастырған. Қызын миллион рубльге сатпақ болған (5,6 млн теңге).

Back to top button