Алматы полицейлері WhatsApp-тың арқасында суицидтің алдын алды (видео)

Алматы полицейлері WhatsApp-тың арқасында суицидтің алдын алды (видео)

Алматы полицейлері WhatsApp-тың арқасында суицидтің алдын алды (видео)
ашық дереккөзі

Алматы полицейлері суицидтің алдын алды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, учаскелік полиция қызметкерінің телефонына сеніп тапсырылған аумақтағы пәтерлердің бірінде тұрғындардың бірінің өзін-өзі өлтіруге дайындалып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына лезде жеткен учаскелік полиция қызметкерлері ер адамның өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеген. Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтің айтуынша, хабарламаны өзін-өзіне қол салмақшы болған адам жіберген. "Хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жүгіріп келген қызметкерлерге пәтер есігін ешкім ашпаған. Содан кейін полиция қызметкерлеріне пәтерге терезе арқылы кіруге ​​тура келді. Ер адам арқанды дайындап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Онымен әңгімелесу барысында инспекторлар оның депрессивті көңіл-күйде екенін және жалпы денсаулық жағдайының бірқалыпты еместігін байқап, оқиға орнына дәрігерлерді шақырған, олар ер адамды қосымша тексеру үшін алып кетті. Сондықтан жергілікті полиция қызметкерлерінің телефон нөмірлерін білу өте маңызды. Менің "Facebook" парақшамнан желі қолданушылары ауданымыздағы учаскелік полиция инспекторларының барлық байланыс нөмірлерін көре алады. Азаматтар кез келген уақытта олардан көмек сұрай алады", – дейді Ілияс Өмірсеріков.