«Сергек» 1 млн-нан астам заңбұзушылықты анықтады

«Сергек» 1 млн-нан астам заңбұзушылықты анықтады

«Сергек» 1 млн-нан астам заңбұзушылықты анықтады
ашық дереккөзі
2020 жылдың басынан бері «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені Алматыда миллионнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады,  – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сергек» камералары Алматы қаласына 2019 жылғы сәуір айынан бастап орнатылды. Алғашында 10 «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені қолданысқа берілсе, 2020 жылғы қаңтардан бастап 404 «Сергек» камерасы орнатылды. «Камералар қаланың барлық ауданын қамтиды. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қиылыстарға, көпірлер мен көшелерге орнатылған. Жылдың басынан бері «Сергек» камералары 1 123 735 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді», – дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. 2021 жылы Алматыда қосымша 3 286 «Сергек» камерасы орнатылады.