«Сергек» 1 млн-нан астам заңбұзушылықты анықтады
«Сергек» 1 млн-нан астам заңбұзушылықты анықтады
2020 жылдың басынан бері «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені Алматыда миллионнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сергек» камералары Алматы қаласына 2019 жылғы сәуір айынан бастап орнатылды. Алғашында 10 «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені қолданысқа берілсе, 2020 жылғы қаңтардан бастап 404 «Сергек» камерасы орнатылды.
«Камералар қаланың барлық ауданын қамтиды. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қиылыстарға, көпірлер мен көшелерге орнатылған. Жылдың басынан бері «Сергек» камералары 1 123 735 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді», – дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
2021 жылы Алматыда қосымша 3 286 «Сергек» камерасы орнатылады.