Павлодарда баласын аязды күні аялдамаға тастап кеткен анаға үкім шықты

Павлодарда баласын аязды күні аялдамаға тастап кеткен анаға үкім шықты

Павлодарда баласын аязды күні аялдамаға тастап кеткен анаға үкім шықты
ашық дереккөзі
Бүгін Павлодардағы №2 сотта 26 қараша күні сәбиін қаладағы автовокзалдың жанындағы трамвай аялдамасына тастап кеткен 33 жастағы ананың ісі қаралды, деп хабарлайды Pavlodarnews. Еске сала кетейік, әйел соңғы жылдары Таразда тұрған. Ол Павлодарға Семейден таксимен келген. Күдіктіні ұстау үшін полицейлер мен волонтерлерге екі сағаттан астам уақыт кетті. Баласын тастап кеткен анаға қатысты сәбиін қауіпті жағдайда қалдыруына байланысты ҚР ҚК 119- бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әйелдің күйеуге шықпағаны, Батырдан басқа оның Екібастұзда 57 жастағы әжесімен бірге тұратын 9 жасар ұлы бар екені белгілі. Әйел кіші ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлаған. – Сот қаулысымен Ж. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені жәбірленушінің заңды өкілі татуласу туралы өтініш білдірген. Моральдық және мүліктік залал жоқ, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Думан Серікбаев. Әйел теріс қылық жасағанын толық мойындады. №2 сотта сондай-ақ 25 желтоқсанда Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ж. ӘҚБтК 127-бабының бірінші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, осыған байланысты отбасы қорғаншылық және қамқоршылық органына есепке қойылғанын хабарлады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.