Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
30 желтоқсан, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан-Тәжікстан қатынастары достық, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік рухында одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.