COVID-19: Ертеңнен бастап Павлодар облысында жаңа қаулы күшіне енеді

COVID-19: Ертеңнен бастап Павлодар облысында жаңа қаулы күшіне енеді

COVID-19: Ертеңнен бастап Павлодар облысында жаңа қаулы күшіне енеді
ашық дереккөзі
Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 31 желтоқсанда түн ортасынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Жаңа қаулыға сәйкес, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі. Бірақ сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспауы керек. Барлық мектептерде 1-4-сынып оқушылары қайтадан мектепке оралады. Ал бітіруші сыныптар аралас оқытуға көшеді: пәндердің 70 пайызын олар мектепте, қалғандары қашықтан оқиды. Екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері штаттық оқуға кіріседі. Сонымен қатар, мешіттер мен шіркеулер қайтадан жұмыс істейді. Бірақ әлі де ұжымдық іс-шараларсыз және толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ мұз корттарының қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте жабық корттарда бір келушіге кемінде бес шаршы метр мұз болуы тиіс, ал ашық корттарда кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажет. «Осы қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді», - делінген бас санитарлық дәрігердің хабарламасында.