Қызылордалық үміктерлер эскпромт кездесу өткізді

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Nur Otan партиясының басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта партия өңірде 9-дан астам инвестициялық экспортқа бағдарланған жаңа жобаларды жүзеге асырып, 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруды мақсат етіп отыр.

Олар шыны пластик желілік және жоғарғы қысымды сорғы-компрессорлық құбырлар шығаратын зауыт құрылысы, Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысы, Арал ауданында ас тұзын өндіру бойынша III испан цехының құрылысы. Сонымен қатар осы бағытта Арал ауданында тауарлы балық өсіру кешенін кеңейту, «Шалқия» кен орнында Жаңақорған аудандық тау-кен байыту комбинатының құрылысы, Шиелі ауданының «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу бойынша тау байыту комбинатының құрылысын аяқтауға ниетті.

Бұл жайлы «Жайна» сауда үйінде қала тұрғындарымен эскпромт кездескен  ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер айтты.

Кездесу барысында үміткерлер сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, дауыс беруге шақырды.

Халықтың әл-ауқатының негізі – азаматтарды жұмыспен және тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Облыста халықты жұмыспен қамтуды қолдау аясында 2020 жылға арналған Кешенді жоспар бекітіліп, өнімді жұмыспен қамтуға 44,3 мыңнан аса жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тарту жоспарлануда. Бұл бағдарлама  келер жылы да жалғасын тауып,  жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады. Жоспарланған кезеңде жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету міндеті қойылды – деді үміткер  Мақсұт Налибаев.

Кездесуде тұрғындарға үгіт парақшалары таратылып, сайлаудың маңыздылығы партияның алдағы мақсат – міндеттері түсіндірілді.

Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Back to top button