7 ірі инвестициялық жоба іске аспақ

7 ірі инвестициялық жоба іске аспақ

7 ірі инвестициялық жоба іске аспақ
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы өңірдің әрбір тұрғынының табысын арттырып, әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін экономиканы құруға ниетті. Осы мақсатта 2025 жылға қарай 1175 жаңа жұмыс орнының құрылуына негіз болатан 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға үлес қосады. Алдағы бес жылда жаңа 28,2 мың жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға төмендетуді жоспарлар отыр. Бұл туралы «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшыларымен экспромт кездескен облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Нұрболат Ибраев пен Айнұр Тобаева айтты. Ашық аспан астында өткен кездесуде кандидаттар қала тазалығы жолында еңбек етіп жүрген жұмысшылармен жұмыс барысы, еңбек мәселелері туралы әңгіме өрбітіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жұмысшылар тарапынан дала жұмыстарында жүрген жандардың мәртебесін арттыру, еңбек адамдарын баспанамен қамту, жалақы көлемін арттыру, еңбек демалысы кезінде арнайы сауықтыру орындарына жолдама беру мәселесі турасында үміткерлерге сауалдарын қойды. Өз кезегінде үміткер жыл бойы қала тазалығын қамтамасыз ететін қыжырлы жандарға ризашылықтарын білдіре отырып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Әрі Nur Otan партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды. – Қазіргі таңда партия елімізде тұрғын үй құрылысының секторын дамытуға басымдық беріп, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын кешенді шараларды қолға алып отыр. Сол арқылы 2025 жылға дейін 4 140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1 840 пәтердің құрылысын жүргізеді. Сонымен қатар, 5 870  жеке тұрғын үйлердің құрылысы салынбақ. Нәтижесінде партия алдағы уақытта 5 мыңға жуық отбасын баспанамен қамтуды көздеп отыр, – деді Наурызбай Байқадамов. Кездесу барысында үміткерлер серіктестік ұжымына партияның үгіт парақтарын таратып, сайлау науқанында белсенді түрде «Nur Otan» партиясын қолдауға үндеді.
 Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.