Nur Otan петропавлда 22 мыңнан астам тұрғынның тұрғын үй жағдайын жақсартады

Nur Otan петропавлда 22 мыңнан астам тұрғынның тұрғын үй жағдайын жақсартады

Nur Otan петропавлда 22 мыңнан астам тұрғынның тұрғын үй жағдайын жақсартады
ашық дереккөзі
Үгіт науқаны аясында облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидат Ерлан Тоқшалық, қалалық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар Арман Бердағұлов пен Владимир Витченко «Фабрика рекламы» ЖШС ұжымымен кездесті. Nur Otan өкілдері сайлауалды бағдарлама туралы айтып, партия азаматтарымыздың өмір сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтынын атап өтті. Nur Otan Петропавлдың жалпы ұзындығы 15,7 км болатын 17 көшесін кезең-кезеңімен салу және жөндеу міндетін қойып отыр. Бұл 36 мыңнан астам қала тұрғындары үшін инфрақұрылымды сапалы жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз петропавлдықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Қаланың 22,5 мың тұрғыны үшін тұрғын үй мәселесін шешу жоспарланған» - деді Ерлан Тоқшалық. Бұл үшін Nur Otan «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 7,1 мың пәтердің құрылысына ықпал ететін болады. Оның ішінде 1042 пәтер әлеуметтік осал топтарға арналған, 300 пәтер жас отбасыларға арналған, 200 пәтер бюджет саласының қызметкерлеріне арналған. Сондай-ақ, несиелік тұрғын үйдің 6300 пәтерін және жеке құрылыс салушылар есебінен 6380 пәтер салу жоспарланған. Бұдан басқа, 400-ден астам жеке үй салынады. «Өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 142 аула жөнделіп, абаттандырылады, 25 тұрақ орны бар 73 аулаішілік өту жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, 20 тұрақ орны бар 69 балалар ойын алаңы жабдықталады" - деді кездесу қатысушыларына Арман Бердағұлов. Талқылау барысында партия өкілдері кәсіпорын ұжымын 2021 жылғы сайлауға белсенді қатысуға, азаматтық ұстанымын білдіруге және Nur Otan өз дауыстарымен қолдауға шақырды.

 Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді