"Шоколад жеп, тарихты дұрыс оқыңыздар!": Қазақстандық жастар ресейлік депутаттарға сәлемдеме жіберді
"Шоколад жеп, тарихты дұрыс оқыңыздар!": Қазақстандық жастар ресейлік депутаттарға сәлемдеме жіберді
Қазақстан Халық партиясы Жастар қанатының мүшелері Ресей Мемлекеттік Думасына қазақстандық шоколад салынған сәлемдеме жіберді.
Қазақстандық тәттілер депутаттар Никонов, Жириновский және Федоровке пошта арқылы жеткізіледі. Осылайша, ҚХП мүшелері Ресей депутаттарының Қазақстан жерінің аумақтық тұтастығына қатысты шабуылдарына жауап берді.