Испан ғалымдары ауадан коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Испан ғалымдары ауадан коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Испаниядағы Валенсия политехникалық университетінің ғалымдары ауадағы SARS-CoV-2 вирусын тікелей анықтай алатын қондырғы ойлап тапты.
Бұл туралы Валенсия университеттері қауымдастығының сайтына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
«Зерттеуді ПТР-тестcіз COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін ескерту және бақылау жүйесі ретінде пайдалануға болады», - дейді зерттеу авторларының бірі Серхи Мораис.
Жүйеге қоршаған орта аэрозольдерінде вирустық ақуыздардың бар-жоғын бақылайтын өте сезімтал биосенсор кіретіні айтылған.
Ғалымдардың сөзінше, олардың өнертабысы аурухананың ішінде инфекция жұқтыру ықтималдығын төмендету бойынша ұсыныстарды әзірлеуге көмектесе алады.