Селфидің сапасына жоғары талап қоятын елдер анықталды

Испания, Германия және Ұлыбритания тұрғындары селфи сапасына жоғары талап қояды, деп хабарлайды «ЕвроПульс».

Аталған елдердің азаматтары Еуропаның басқа тұрғындарына қарағанда фотосуреттерін көбірек өңдейді. Селфиді өңдеу және оларды әлеуметтік желілерде жариялау тақырыбы бойынша Еуропаның 35 елінен интернет-сұрауларды талдаған ірі халықаралық интернет-дүкеннің мамандары осындай қорытындыға келді.

Есептеулерге сәйкес, британдықтар өз фотосуреттеріне жіті көңіл бөледі. Бір ай ішінде олар селфиді өңдеуге, тақырыптық қосымшаларды немесе компьютерлік бағдарламаларды іздеуге қатысты 108,5 мыңнан астам сұраныстар жібереді екен.

Испандар рейтингтің екінші қатарында: олардан ай сайын 75 мыңнан астам сұраныс түседі. Ал  айына 63,6 мың сұраныс жолдайтын немістер үшінші орыннан көрінді.

Беларусь тұрғындары селфидің сапасына мүлдем алаңдамайды десе де болады: олар айына 3,1 мың фотосуретті өңдеуге сұраныс жібереді.

Back to top button