Оралда ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті

Оралда ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті

Оралда ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті
ашық дереккөзі
Орал қаласында ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомство дерегінше, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 18.30-да Х.Есенжанов көшесі 20-мекенжайда болды. Сегізінші қабаттан 58 жастағы ер адам секіріп кеткен. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.