1 қаңтардан бастап асыраушысыз қалған жағдайда берілетін жәрдемақы 5% өседі

1 қаңтардан бастап асыраушысыз қалған жағдайда берілетін жәрдемақы 5% өседі

1 қаңтардан бастап асыраушысыз қалған жағдайда берілетін жәрдемақы 5% өседі
ашық дереккөзі

2021 жылдан бастап елімізде асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін төлем 5 пайызға өседі.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің бес пайызына арттыру жүргізілсін», – делінген Үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 891 қаулысында.

Қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.