Nur Otan мұқтаж жандарды баспанамен қамтиды – Аягөз ауданы

Nur Otan мұқтаж жандарды баспанамен қамтиды – Аягөз ауданы

Nur Otan мұқтаж жандарды баспанамен қамтиды – Аягөз ауданы
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қанат Оспанов Аягөз қаласындағы көпбалалы ана Назира Дауленбайқызымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасының бүге-шүгесін таныстырып өтті. – Nur Otan партиясы өңір халқының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл - ел  бесігі»  және  «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауызсуға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді, – деді ол. Қанат Оспановтың айтуынша, 2022  жылы Аягөз қаласындағы су құбыры желілері мен құрылыстары қайта жаңартылмақ. Елбасының бастамасымен қолға алынған «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиелендіруге және тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді. – Ауданда тұрғын үй алу кезегінде 800 адам тұр. Аягөз қаласында 2020 жылы жалпы ауданы 9,0 мың шаршы метр екі 60 пәтерлік тұрғын үйді (жалға берілетін тұрғын үй) және ауданы 5,7 мың шаршы метр бір 60 пәтерлік тұрғын үйді (несиелік тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарлануда, – деді кандидат. Қанат Рысбекұлы өз сөзінде партияның көпбалалы отбасыларды, аз қамтылған жанұяларды қолдауға баса назар аударып отырғандығын жеткізді.

 Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді