Жаңалықтар

Қарағандыда көлік шинасын өндіреміз – Үкімет келісімге қол қойды

ашық дереккөзі

Қарағандыда көлік шинасын өндіреміз – Үкімет келісімге қол қойды

ҚР Машина жасауды дамытуға қатысу туралы келісімге Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қол қойды, – деп жазды primeminister.kz. Құжат Қазақстанда автомобиль шиналарының жоғары технологиялық өндірісін ашуды, соған сәйкес жаңа жұмыс орындарын құруды, ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуді және экспорттық әлеуетті дамытуды көздейді. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы машина жасау саласындағы оң өсім динамикасын атап өтті, бұл ретте жаңа бірлескен өндірісті құру болашақта екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігін арттыруға мүмкіндік береді.