Экономикалық өзгерістер саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет

Экономикалық өзгерістер саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет

Экономикалық өзгерістер саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет
ашық дереккөзі
ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, Мәжіліс депутаттығына үміткер Алмаз Бадашев, партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Мерғалиев бастаған «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Орал қаласындағы «Болашақ-Т» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын 1998 жылы құрылған, монолитті темірбетон конструкциялардан көп қабатты тұрғын үйлер, ғимараттар, мектептер, балабақшалар салады. Шара барасында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. «Кәсіпкерлікті қолдау экономикалық әлеуетті дамытудың құралы ретінде ғана емес, ең алдымен жұмыссыздық мәселесін шешудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және қазақстандықтарды табыс көзімен қамтамасыз етудің басты құралы ретіндегі маңызы зор. Саяси реформалар жүргізілмейінше, экономикадағы өзгерістер болуы мүмкін еместігіне көзіміз жетті. Сондықтан экономикалық өзгерістер саяси реформалардың материалдық мазмұны ретінде қажет», – деді Ерлан Барлыбаев. Мұнан соң үгіт-насихат тобы «Орал кабель» ЖШС-де болды. Партия өкілдері ұжымның әлеуметтік жағдайын сұрап, өндіріс барысын аралап шықты. Кездесуде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік мәселелер көтерілді. «Ақ жол» демократиялық партиясы бизнесті қорғау, кәсіпкерлікке жалпы сипаттама беру, нарықтық қатынасты дамыту және өндірістік экономиканы құруды қолдайды. Бұдан басқа, демократтар бағдарламасына жұмыспен қамту жүйесін дамыту, қоғамның жалпы еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету кіреді. Партия өкілдерінің айтуынша, «Ақ жол» демократиялық партиясы прогрессивті дамудың жақтаушысы. Олар экономиканы нығайту, нарықтық және бәсекелестік қағидаларды дамыту бағытында жұмыс жасамақ. Партия алға қойған мақсатқа жету үшін жаңа мүмкіндіктерді құру бағдарламасын ұсынуда. Еңбек ұжымдары «Ақ жолдың» бастамаларына қолдау білдіріп, демократиялық партия ұсынған өзгерістердің қажет екенін атап өтті.