«Ол бала сүюді армандады»: жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтті

«Ол бала сүюді армандады»: жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтті

«Ол бала сүюді армандады»: жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жеке медициналық орталықта ота кезінде жұмған Гүлдана Нұрмағанбетованың ісіне қатысты сот отырысы өтті. Қылмыстық іс бойынша бір жылдан астам уақыт бойы тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы №2 Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.  20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова былтыр қазан айында Ақтөбе қаласындағы «Әлия» медициналық орталығында көз жұмды. Бір жыл бойы сәби сүйе алмаған Айдос пен Гүлдана Нұрмағанбетовтер жеке емханаға барып, гинеколог дәрігерге қаралған. Кешенді ем жүргізуді ұсынған дәрігер Әлия Шаргараева кейін жас келіншекті акушер-гинеколог Ольга Ли-Ко-Шин-Фетерге тапсырады. Ота жасаған да сол дәрігер. Алдын ала болжам бойынша Г.Нұрмағанбетова анафилактикалық шоктан көз жұмды. Кейін Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен, яғни, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бабымен іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында іс қаралды. «1998 жылы туған Гүлдана Нұрмағанбетова бір жыл бойы сәбилі бола алмаған. 2019 жылдың 16 сәуірі күні «Әлия» медциналық орталығына барды. Оны акушер гинеколог Әлия Шангараеваның өзі қабылдап, бедеуліктен емдеуге жіберді. Сол кезде эндометрия диагнозы қойылды. Әрі қарай Ольга Ли-Ко-Шин-Фетерге ем жүргізді. Дәрі-дәрмек беріп, емделді. Арада 4,5 ай өткен соң ғана жәбірленуші Гүлдана Нұрмағанбетова медициналық орталыққа қайта барды. Дәрігер науқастың дәріге аллергиясы, жұқпалы ауруы бар-жоғын тексеруі керек еді. Сол кезде медициналық ем жүргізіліп, ота жасалды. Науқас орталықта көз жұмды», – деді прокурор сот отырысы кезінде. Онлайн өткен сот отырысы кезінде сотталушы Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер өз кінәсін мойындамады. «Әйеліміз екеуміз бала сүюді армандадық. Бір жылдың ішінде Гүлдана бала көтере алмаған соң толық тексеруден өтуге кеңес берді. Жұбайым «Әлия» медициналық орталығын таңдады. Алдымен 2019 жылдың 16 cәуірі күні бардық. Маған бірден ұнамады. Ақысы да қымбат болды. Кейін бізге Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер ем жүргізеді деген шешім қабылданды. Әйелім әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрған екен. Мен бұл іске көп араласпадым. Сөйтіп 2019 жылдың қазан айында бардық. 14 қазан күні жанында болдым. Дәрі қабылдаған соң ауырсынды, кейін Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер кабинетіне алып кетті. Шынын айтқанда, олар жедел көмек бере алмады», – деді Айдос Нұрмағанбетов. Марқұмның жолдасы мен отбасы соттан кінәлілерді жазалауды өтініп отыр.