3 күдікті ұсталды: ескерту жасағаны үшін полицейлерді жабылып ұрған (видео)

Шымкенте аулалардың бірінде топырлап тұрған бір топ жігітке ескерту жасаған тәртіп сақшыларын жігіттер жабылып ұрған.

КТК телеарнасының хабарынша, топтасып тұрған алты жігітке 2 учаскелік полиция қызметкері жақындап, көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасайды. Тәртіп сақшыларының бұл ескертуіне әлгі жігіттер балағат сөз айтып, жұдырық ала жөнелген.

Оқиға орнына қосымша полиция экипажы дереу көмекке келген, әріптестерін арашалап, бұзақыларды ұстап әкеткен. Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды.

Back to top button