Сарысу ауданында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
Сарысу ауданында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
Осы аптада Сарысу ауданы Nur Otan партиясының ғимаратында аудандық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Ашылу рәсіміне Nur Otan партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабы төрағасының басшысы М.Есмұрзаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар және аудандық сайлауалды штабы мүшелері, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.
Жиында аудандық сайлауалды штабы төрағасының басшысы М.Есмұрзаев сөз сөйледі.
Өз сөзінде 11 желтоқсанда аудандық сайлауалды штабтың салтанатты ашылуы өткендігін, бүкіл еліміз бойынша сайлауалды штабтардағы қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылғандығын, Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – Nur Otan партиясы жүргізіп келе жатқан саясат негізінде қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болып табылатындығын, өйткені, Nur Otan партиясы – халық мүддесін қорғайтын еліміздегі ең іргелі саяси ұйым, сондықтан да, Nur Otan партиясы әрбір сайлауда өзінің қоғамдық қабылдау бөлмелерінің есіктерін, бірінші кезекте, қарапайым халыққа ашып отыратындығын айтып өтті.
Жалпы, электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында атқаратындығын және электоралды науқан кезеңінде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүктелген міндеттер туралы да атап өтті.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау кестесі ашық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған.
Кез-келген аудан азаматы кестеде көрсетілген байланыс телефондары арқылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесімен хабарласып, қабылдауға жазыла алады.
Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері санитарлық нормаларды (бетперделер, қолғаптар, дезинфекциялау құралдары) сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілген.
Азаматтардан түскен өтініштермен қатар, талап-тілектер, ұсыныс, аманаттар да қабылданады. Барлығы да назарға алынып, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолданатын болады.
Бір сөзбен айтқанда, Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі осы алда тұрған бір ай ішінде партия талабына сай жұмыстар атқаратын болады.
Nur Otan партиясының Жамбыл облысы Сарысу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.