Сарысулықтар кездесулерден кемелді нәтиже күтеді

Сарысулықтар кездесулерден кемелді нәтиже күтеді

Сарысулықтар кездесулерден кемелді нәтиже күтеді
ашық дереккөзі
Оныншы желтоқсаннан бастап елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғаны баршаға мәлім. Осыған орай өткен аптаның жұмасы күні Сарысу аудандық  мәдениет үйінде Nur Otan партиясынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Асанбай Сайналиев, Талғат Түсіпбеков,Сейне Ахметова, Нұрхан Ақмағанбетов халықпен кездесу өткізді. Күн тәртібіне сай өткізілген кездесу барысында кандидаттар өздерін таныстырып, сайлауалды бағдарламалары мен алдыға қойған мақсаттары туралы толыққанды ақпарат беріп өтті. Тұрғындар сайлауда жеңіске жетулеріне тілектестіктерін білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Шара соңы үміткерлерге партия мүшелері мен халық тарапынан қойылған сұрақ-жауаппен аяқталды.

Nur Otan партиясының Жамбыл облысы Сарысу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.