Жаңалықтар

«Nur Otan»: Петропавлдың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

ашық дереккөзі

«Nur Otan»: Петропавлдың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

«Nur Otan» партиясының өкілдері Петропавлда танымал бизнесмен, меценат Андрей Исаковпен канвассинг форматында кездесу өткізді. Мәжіліс депутаттығына кандидат Дмитрий Колода, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Эктова, қалалық мәслихатқа кандидаттар Юлия Пронина мен Владимир Витченко кәсіпкерге партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, бизнес секторы мен әлеуметтік салаға қатысты жоспарларға нақты тоқталды. «Біз қаланың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын, «Қарасай» стадионы ауданында спорт гүлбағын жайластыруды жоспарлап отырмыз. «Қарасайда» көше жаттығу құрылғылары, денсаулық жолдары, баскетбол және екі волейбол алаңы орнатылады. «Динамо» стадионын қайта жаңарту аясында жасанды жабыны бар футбол алаңы, жүгіру жолына тартан жабыны, Street Workout жаттығу құрылғылары, роллердром, баскетбол, волейбол және теннис алаңдары орнатылады», ‒ деді Ирина Эктова. Кездесу соңында Андрей Исаков «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда табыс тіледі.

«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді