«Nur Otan»: Петропавлдың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

«Nur Otan»: Петропавлдың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

«Nur Otan»: Петропавлдың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының өкілдері Петропавлда танымал бизнесмен, меценат Андрей Исаковпен канвассинг форматында кездесу өткізді. Мәжіліс депутаттығына кандидат Дмитрий Колода, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Эктова, қалалық мәслихатқа кандидаттар Юлия Пронина мен Владимир Витченко кәсіпкерге партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, бизнес секторы мен әлеуметтік салаға қатысты жоспарларға нақты тоқталды. «Біз қаланың 20 шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын, «Қарасай» стадионы ауданында спорт гүлбағын жайластыруды жоспарлап отырмыз. «Қарасайда» көше жаттығу құрылғылары, денсаулық жолдары, баскетбол және екі волейбол алаңы орнатылады. «Динамо» стадионын қайта жаңарту аясында жасанды жабыны бар футбол алаңы, жүгіру жолына тартан жабыны, Street Workout жаттығу құрылғылары, роллердром, баскетбол, волейбол және теннис алаңдары орнатылады», ‒ деді Ирина Эктова.  width= Осылайша, партия мүшелері дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жастарды 35%-ға дейін қамтуға ниетті. Бағдарламаны талқылау барысында Андрей Исаков үйсіз жануарларға көмек көрсету қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Кәсіпкер еуропалық түрдегі жануарлардың баспанасын салуға қатысады. Бірақ содан кейін бұл объектіге тұрақты негізде қолдау қажет болады. «Жануарларға деген көзқарас көптеген процестерге көзқарасты қалыптастырады. Балаларды мейірімділікке үйретіп, иттер мен мысықтарды көшеде қалдыруға болмайды», - деп есептейді бизнесмен.  width= Кездесу соңында Андрей Исаков «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда табыс тіледі.

«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді