«Nur Otan» жыл сайын ақтөбелік 2,5 мың жасты жұмыспен қамтиды
«Nur Otan» жыл сайын ақтөбелік 2,5 мың жасты жұмыспен қамтиды
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алмас Елеуов, Мәди Елеусізов, Азамат Үсімбеков «Лучшие решение» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Ұжым мүшелерін алдағы сайлауға шақырып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Жиында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерден бөлек, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер де болды. Олар сайлауалды бағдарламадағы білім, әлеуметтік, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. «Жетекші партияны қолайық» деген Мәди Елеусізов сайлаушыларға үгіт-насихат парақшаларын таратты.
‒ Бүгінгі таңда жастар үшін «Nur Otan» партиясы барлық жағдайды жасайды. Тіпті бүгінде депутаттыққа үміткерлердің қатарында жастар да бар. Олар жастарға қандай мәселенің өзекті екенін біледі. Біздің жастардың көбі өз кәсібін бастауға қызығады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы жастар үшін жылына 15-тен кем болмайтын өз ісін ашуға және бизнесті жүргізуге несие алуға мүмкіндік береді. Бизнес бастау үшін кемінде 200 адам үшін қайтарымсыз гранттар беру жолымен жастарға қолдау көрсететін болады. Қалада волонтерлік клубтарды құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамытуды ынталандыруға жәрдемдесетін болады. Бұл 2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3-тен 2,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, ‒ деді ол.
Ал «Лучшие решение» ЖШС ұжымын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруді сұраған Азамат Үсімбеков «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны партияның қолдайтыны туралы айтты.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді