Жаңатас тұрғындары жарқын істердің жалғасуын тілейді

Өткен аптада Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне кандидат  Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген қала тұрғындарымен кездесті.

Кандидат ең әуелі Жаңатас  қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, Моңғолия Республикасынан көшіп келген қандасымыз Айбарша Хызырдың отбасына атбасын бұрды. Онда дастархан басында көпбалалы ана Уашбайқызы Сағира апамен сұхбат құрды. Сонымен қатар, ақ жаулықты ананың ақ батасын алды.  Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне кандидат  Мейрамбек Төлепберген, Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Досбол Жылқыбаев Жаңатас қаласы, №37 үйдің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде кандидат Мейрамбек Мылтықбайұлы тұрғындармен бірге іске асыратын әлі көп нәрселер бар екендігін, жақсы жағына өзгеріп жатқан істер: жолдар, ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер, тағы басқалары қаламыздың көркіне айналып жатқандығын айтып өтті. Ең қиын кезеңде тұрғындарға мемлекет пен Nur Otan партиясы қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып жүргендігін де атап өтті. Кандидаттар жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келу арқылы азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

Тұрғындар көкейлерінде жүрген пәтер кезегі, жұмысқа орналасу, мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін әлеуметтік көмек тәріздес ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Кандидаттар сонымен қатар «Қаратау» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен де арнайы кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау науқанында дұрыс таңдау жасауға шақырды. Еріктілер жиналғандарға Nur Otan партиясының үгіт-насихат парағын таратты.

Сонымен қатар Дегерес елді мекенінің тұрғыны, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бергентай Нұрмахановтың отбасына да кіре кетті. Ол кандидаттардың сайлауда жоғары дауыстарға ие болып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын халық қалаулылары болуларына тілектестігін білдіріп, батасын берді.

Nur Otan партиясының Жамбыл облысы Сарысу ауданының
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Back to top button