«Nur Otan»: Ақтөбеде 5 жылда кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
«Nur Otan»: Ақтөбеде 5 жылда кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Ақтөбеде алдағы бес жыл ішінде кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер зауыт жұмысшыларымен жүздесу барысында айтты.
Мұратбай Әжібаев, Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитовтар «Ақтөбе хром қосындылары зауытында» болып, мекеме ұжымымен кездесті. Өндіріс орнындағы жаңашылдықпен танысып, жұмысшыларды келесі жылы қаңтар айында өтетін сайлауға шақырды.
Кездесуде қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер зауыт жұмысшыларына партияның барлық салаға байланысты құрылған бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, партия жас буынның ғылыммен айналысуына, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге, жалпы медицина ғылымын қолдауға барынша оң ықпал жасайтындарын атап өтті. Соның дәлелі болар, жетекші партия құрамынан депутаттыққа үміткерлер арасында жастар да жетерлік.
‒ «Nur Otan» партиясының негізгі жеті бағыты бар. Бұл бағдарламалардың ішінде жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік салаға үлкен назар аударады. Алға қойған жоспарлардың барлығы нақты бекітілген. Орындалатын дүниелер. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселеле болып тұр. Одан басқа спорттық кешендер бой көтеріп, тұрғын үйлер салынатын болады. Мәдениет саласына да аса назар аударылған. Біздің партия барлық жоспарды нақты қойып, оларды орындауға дайын. Мен әр зауыт қызметкерін алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын, ‒ деді Айгүл Арынғазиева.
Алдағы сайлауға қатысып жатқан «Nur Otan» партиясы экономика тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бар күшін салады. Партия - барлық азаматтар үшін ашық. Бүгінгі кездесуде зауыт жұмысшыларына жетекші партияның барлық мүмкіндіктері баса айтылды. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мұратбай Әжібаев ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер болып, тұрақты түрде дамитынын жеткізді.
Бағдарламада ауыл шаруашылығы саласына аса назар аударып, сол үшін барымша септігімді тигізгім келеді. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жобаны іске асыру үшін жоспар құрылды. Келер жылы жылына 15 мың тонна қуаттылығымен балмұздақ және КМК цехы жаңартылады. Сонымен қатар 1,5 мың тонна балық өндіретін зауыт ашу жоспарда бекітілген. 500 бас ІҚМ арналған сүт-тауар фермасы ашылады. Қуаттылығы тәулігіне 3 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашылады. Қалада жыл сайын 60 жәрмеңке өтеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың жергілікті өндірушілерімен жыл сайын кемінде 40 меморандум жасалатын болады. Бағдарлама аясында мен атап өткен шараларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шаруаларға барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, ‒ деді ол.