Түрмеге есірткі тасыған Маңғыстау тұрғыны екі жылға сотталды

Түрмеге есірткі тасыған Маңғыстау тұрғыны екі жылға сотталды

Түрмеге есірткі тасыған Маңғыстау тұрғыны екі жылға сотталды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысының тұрғыны ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ГМ-172/6 мекемесіне есірткі тасығаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды. ГМ-172/6 мекемесінің территориясында Маңғыстау облысының тұрғынын құрықтаған ҚАЖК қызметкерлері оның қалтасынан үш ұялы телефон мен жасыл түсті зат оралған қағаз түйіншек тауып алған. Сот-химиялық зерттеудің нәтижесінде түйіншектің ішінен 210,73 грамм кептірілген есірткі заты табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық Кодексі 296-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде маңғыстаулық азамат екі жылға темір торға тоғытылды. Сот үкімі бүгін, 29 желтоқсан күні заңды күшіне енді.