Түрмеге есірткі тасыған Маңғыстау тұрғыны екі жылға сотталды

Маңғыстау облысының тұрғыны ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ГМ-172/6 мекемесіне есірткі тасығаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

ГМ-172/6 мекемесінің территориясында Маңғыстау облысының тұрғынын құрықтаған ҚАЖК қызметкерлері оның қалтасынан үш ұялы телефон мен жасыл түсті зат оралған қағаз түйіншек тауып алған.

Сот-химиялық зерттеудің нәтижесінде түйіншектің ішінен 210,73 грамм кептірілген есірткі заты табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық Кодексі 296-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде маңғыстаулық азамат екі жылға темір торға тоғытылды. Сот үкімі бүгін, 29 желтоқсан күні заңды күшіне енді.

Back to top button