Nur Otan: Солтүстік Қазақстанда 16 инвестициялық жоба іске аспақ

Nur Otan: Солтүстік Қазақстанда 16 инвестициялық жоба іске аспақ

Nur Otan: Солтүстік Қазақстанда 16 инвестициялық жоба іске аспақ
ашық дереккөзі
ПЕТРОПАВЛДА БИЗНЕСМЕНДЕР САНЫ 16 МЫҢҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ Петропавлда канвассинг аясында Парламент Мәжілісінің  депутаттығына кандидат Дмитрий Колода, облыстық мәслихатқа кандидат Ирина Эктова және қалалық мәслихатқа кандидат Владимир Витченко танымал блогер, бизнесмен, қоғам қайраткері, «СҚО рестораторлары мен отельерлері қауымдастығының» төрағасы Сайран Хамзинге барды. Кездесу барысында Nur Otan партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы айтып берді. «Біз жаңа бизнес субъектілерін құруға және бір кездері жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіруге белсенді түрде ықпал ететін боламыз. Nur Otan партиясы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын несие берудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға қол жеткізетін болады. Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында шамамен 180-нен астам грант және шағын несие берілетін болады. «БЖК-2025»аясында жыл сайын кемінде 50 кәсіпкер қолдау алатын болады және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 20 - ға жуық жоба іске асырылатын болады», - деді Дмитрий Колода. Нұротандықтардың айтуынша, осының барлығы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер санын 16,1 мыңға дейін арттыруға ықпал етеді.Өз кезегінде Сайран Хамзин партия мүшелеріне қолдау білдіріп, халыққа ашық болуды тіледі. Бизнесмен Мәжіліс депутаттығына кандидат Дмитрий Колодаға жеңіске жеткен жағдайда - үнемі қамқорлықпен республикалық бюджетпенқолдауды қажет ететін өңір туралы ұмытпауды тіледі. 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының мүшелері Жангелді Тәжин мен Илья Татваев онлайн-режимде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия өкілдері «ZOOM» платформасында «Фрегат» ЖШС ұжымымен кездесіп, алдағы 5 жылға арналған бағдарламаны ұсынды. Ет өңдеу кешенінің қызметкерлерін шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі қызықтырды. «Біздің басым бағыттарымыздың бірі-облыс орталығы мен ірі елді мекендердің айналасында азық-түлік белдеулерін құру, тауарлар мен сусындар өндіретін кәсіпорындардың желілері мен өндірістік қуатын арттыру болып табылады. Бұл азық-түлік тауарларының ішкі нарығының тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз сыртқы сату нарығын кеңейтуге, ауыл шаруашылығындағы өндірісті ұлғайтуға және шикізатты қайта өңдеуге қол жеткізетін боламыз», - деп атап өтті Илья Татваев. Партия мүшелері сүт өндірісін 60% - ға, ет өндірісін 55% - ға дейін арттыруды көздеп отыр. Он алты инвестициялық жобаны іске асыру аясында 11 сүт-тауар фермасы,6 мың орындық 2мал жемдейтін алаң, жылына 10 мың тонна ет өндіретін бройлер құс фабрикасысалынады және пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Тайынша ауданындағы «ЕМС-Агро» ЖШС шошқа кешенін 100 мың басқа дейін кеңейту жоспарланған. Сайлауалды бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін «Nur Otan» штабының мүшелері «Фрегат» ЖШС қызметкерлерін 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

 Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді