Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

ашық дереккөзі

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Үш мыңнан астам халқы бар елді мекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралыпты. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.