«Айына бір миллион теңге». Қазақстандық футболшылардың жалақысы қысқартылады

«Айына бір миллион теңге». Қазақстандық футболшылардың жалақысы қысқартылады

«Айына бір миллион теңге». Қазақстандық футболшылардың жалақысы қысқартылады
ашық дереккөзі
Қазақстан Премьер Лигасында келесі маусымда футболшылардың жалақысы қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды. Сайттың хабарлауынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялардың кәсіби спортты қаржыландыруды қысқартуы туралы үкіміне сәйкес, бюджетті қысқартудың әдіс-тәсілдері ойластырылды. Бұдан былай бір кәсіби клубты (соның ішінде хоккей клубын да) қаржыландыру мөлшері 800 миллион теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар бапкерлер мен ойыншылардың жалақысы қысқартылады. Белгілі болғандай, олардың жалақысы айына бір миллион теңгені құрауы тиіс. бір миллион Алайда, шенеуніктер талап еткен сомадан едәуір көп жалақы алатын кәсіби спортшылардың бұған дейін келісілген келісімшартына қалайша өзгеріс енгізілетіні әзірге түсініксіз. Сондай-ақ осы орайда туындайтын басты сұрақ: Құрамында бір миллион теңгеге дейін жалақы алатын футболшылары бар қазақстандық клубтардың халықаралық сайыстарға қатысуға деген жігері жасып қалмай ма? Салыстырмалы түрде қарастырсақ, кипрлік БАҚ-тың мәлімдеуінше, «Астана» футбол клубының шабуылшысы, Кипр елінің тумасы Пиерос Сотириу жылына 700 мың еуро көлемінде жалақы алады екен. Ал «Қайрат» командасында ойнайтын бразилиялық Вагнер Лавтың бір жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроны құрайды.