Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
«30 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», – делінген хабарламада.
30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы -25-30 градус, кей жерлерде – 35, ал 1 қаңтарда -30-35, -39 градусқа дейін күрт суытады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Орал қаласында 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», – делінген хабарда.
30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -31-36 градус, кей жерлерде -39-ға дейін суытады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%», – дейді синоптиктер.
Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градус аязға дейін күрт төмендейді, түнде 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 38 градус аяз болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%.