Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында температура күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз көтеріледі, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерде 38 градусқа дейін көтеріледі. 31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді. 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз. Қатты аяз кезде техногендік өрт көбейіп, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйеде авария шығуы, көліктің бұзылу көбеюі мүмкін. Сонымен қатар үсіп қалу, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында пәтердердегі жағдайдың нашарлау ықтималдығы бар. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балаларды көшеге шығармауға кеңес береді.