Жетісудағы 120 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз – Nur Otan
Жетісудағы 120 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз – Nur Otan
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Алматы облысына келді.
«Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесуде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды.
«Nur Otan» алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, 31 мың орынды құрайтын 80 жаңа мектеп салу арқылы үшауысымды оқу мәселесін шешуді, 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 72 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 120 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отыр.
Осы күні сайлауалды штаб мүшелері БАҚ өкілдерімен, отандас-қандастармен және жастармен кездесті.