«Жып-жылы жаңа жыл». Мерекелік безендіруге миллиондап шығындалмаудың 1 жолы

«Жып-жылы жаңа жыл». Мерекелік безендіруге миллиондап шығындалмаудың 1 жолы

«Жып-жылы жаңа жыл». Мерекелік безендіруге миллиондап шығындалмаудың 1 жолы
ашық дереккөзі
Карантинге қарамастан елорда жұртшылығы жаңа жылды қарсы алуға қызу әзірленуде. Әдеттегідей астана көшелері тотыдай түрленіп, шыршалар жасанып, мерекелік ерекше көңіл-күй сезіледі. Әсіресе, Нұр-Сұлтандағы «Бәйтерек» маңында биыл ерекше шырша бой көтеріпті. Алыстан «менмұндалап» тұрған қызылды-жасылды шырша назар аудартпай қоймайды. Өйткені ол кәдімгі, үйреншікті қылқан жапырақты емес, тоқылған шырша. Байқауымызша оның жанында фотоға түсіп жатқан адамның қарасы көп. Бір ойымыз, жыл сайын жаңа жыл қарсаңында, қатаң тыйымға қарамастан, өсіп тұрған мыңдаған шырша кесіледі. Қала көшелеріне жасанды шырша қойғанның өзінде, мұндай «көзқуаныш» қала бюджетіне әжептәуір салмақ салмай қоймайтыны анық. Одан гөрі өзіміздің тоқымашы, қолөнер шеберлерінің туындыларымен қаланы сәндесе, қазынаға да көп ауыртпашылық болмай әрі кәсіп иелеріне де қолдау болар еді-ау.