Головкин Forbes табысты боксшылар тізімінде жоғарылады

Головкин Forbes табысты боксшылар тізімінде жоғарылады

Головкин Forbes табысты боксшылар тізімінде жоғарылады
ашық дереккөзі
Forbes журналының сайты өзінің салмақтан тыс коммерциялық табысты боксшылар тізімін жаңартты, деп жазады Sports.kz. Үздік ондықтағы алғашқы орын Роман Гонсалесті жеңген Сауль Альвареске тиесілі. Үшінші орында тұрған Геннадий Головкин бір саты көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Тайсон Фьюри мен Владимир Кличко үшінші орынды бөлісті. «Альвареспен кездеспесе де, орта салмақтағы Келл Брукпен жекпе-жекке шығатын Головкин, сөзсіз, әдеттегідей жұртшылықтың назарын аударып, мол пайдаға кенеледі. Головкин өміріндегі ең табысты жекпе-жекті өткізе алады. Тек 34 жастағы боксшы өзін кәрі сезінбей, мүмкіндікті күтуі керек», - деп жазды басылым. Кейінгі орындар мына боксшылардың есімімен толықты:
  1. Андре Уорд
  2. Сергей Ковалев
  3. Деонтей Уайлдер
  4. Кит Турман
  5. Теренс Кроуфорд
  6. Эррол Спенс
  7. Флойд Мейвезер.