2-ақ күн қалды. Қарызды өсімсіз төлеп үлгеріңіз

2-ақ күн қалды. Қарызды өсімсіз төлеп үлгеріңіз

2-ақ күн қалды. Қарызды өсімсіз төлеп үлгеріңіз
ашық дереккөзі
Қазақстандықтарға өсімпұлсыз қарыздардан құтылуға екі-ақ күн қалды, өйткені 2020 жылдың 31 желтоқсанында салықтық рақымшылықтың соңғы күні болып табылады, деп еске салады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 820 157 жеке тұлға салықты есептелген пайызсыз төлеу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. 11,5 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызды төлеп, олар 1,4 миллиард теңге өсімпұлдан шығарылды. МКК-де келтірілген статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың көпшілігінде көлік салығы бойынша қарыздары 5000 теңгеге дейін (100 299 жеке тұлға), ал жер салығы (482 587 жеке тұлға) және мүлік салығы (505 677 жеке тұлға) бойынша 1000 теңгеден аспайды. Бүгінгі таңда 21 қазақстандықтың көлік салығы бойынша 4 миллион теңгеден астам қарызы бар, елдің 15 азаматының жер салығы бойынша қарызы 1 миллионнан асты, тағы 33 адамның мүлік салығы бойынша осындай қарызы бар. Жалпы, өсімпұлды есептен шығару акциясы басталған кезде 1,5 миллион жеке тұлға бойынша жалпы қарыз 24,6 миллиард теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 20,3 миллиард теңге, өсімпұл 4,3 миллиард теңгеге жеткен еді. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды. Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web  сілтемесі бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.