Nur Otan: Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт кешені салынады

Nur Otan: Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт кешені салынады

Nur Otan: Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт кешені салынады
ашық дереккөзі

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мирлан Сатыбалдин Ақтөбеге танымал медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызымен кездесті.

Ақтөбеде мыңға жуық отбасыны татуластырған медиатордың шаңырағына барып, Nur Otan партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті бағытын түсіндірген Мирлан Сатыбалдин Ақтөбе қаласының бес жыл ішінде қауіпсіз әрі жайлы қала болатынын жеткізді. – Қаламыздың жандануы үшін бірге күресу керек. Ақтөбенің дамуы өзімізге байланысты. Бес жыл ішінде біздің қала сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей жайлы, әрі қауіпсіз қалаға айналады. Жыл сайын жаңа мектеп, медицина орталығы, мәдени ғимараттар бой көтеретін болады. Әлемді шарлаған пандемия барлығымыздың қолымызды байлап отыр. Дегенмен Nur Otan паритиясы келер жылдан бастап көрсетілген бағдарламадағы жоспарларына толығымен кіріседі. Қаламызда медицинаның сапасы артады. Келер жылы ауысымына 150 адам қабылдайтын 200 төсекке консультациялық-диагностикалық бөлімшесі бар облыстық перинаталдық орталықтың құрылысын аяқталады. Жыл сайын жаңа медициналық мекеме жанданып, жұмыстарын жалғастыратын болады. Білім саласында мектептер күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа мектептер салынады. Кәсіпкерлердің жұмыстары артып, қосымша оқуға жіберілетін болады, – деді ол. «Партия құрамына кеше ғана қосылсам да бұрыннан Nur Otan партиясын қолдап жүрмін» деген Бибігүл Әбдішүкірқызы алдағы сайлауда жетекші партияға сәттілік тіледі. Өзіне келген әр адамға партияны қолдауға шақыратынын айтты. – Еліміздің болашағының жарқын болғанын қалаймыз. Бізге дәл осы Nur Otan партиясы жан-жақты қолдау танытып келеді. Қаншама дүниелер атқарылды. Алдағы сайлауда жеңіске жеткенін қалаймын. Даму мен прогресс үшін жұмыс істейтін бірден бір партия осы. Қаламыз көркейіп, жандана берсін, – деді Бибігүл Әбдішүкірқызы. Ал Мирлан Сатыбалдиннің айтуынша, қаламызда медициналық орталықтардан бөлек спорт кешендері де бой көтереді. Спорт саласында жүрген азаматтарымыз үшін жағдай жасалады. – Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешені салынады. Бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасайтын боламыз. Алдағы жылы Ақтөбе қаласында триатлон паркінің құрылысы аяқталады. Екі жыл ішінде 8 дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салынады. 3 футбол алаңы қайта жаңартудан өтеді. Жыл сайын 30 мың адамды қамтитын 100-ден астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізуге көмектесеміз, – деді Мирлан Сатыбалдин.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді