Тұрғын үй құрылыс компаниясына алданғандардың ақшасы қайтарыла бастады

Тұрғын үй құрылыс компаниясына алданғандардың ақшасы қайтарыла бастады

Тұрғын үй құрылыс компаниясына алданғандардың ақшасы қайтарыла бастады
ашық дереккөзі
Маңғыстауда тұрғын-үй құрылыс компаниясына алданған салымшылардың мәселесі шешіле бастады, – деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігі. Маңғыстау әкімдігі үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында басқа құрылыс компаниясымен келісімге келіп, зардап шеккен салымшыларға пәтер беру немесе ақшасын қайтару жайын пысықтап жатыр. Бүгінге дейін 6 үлескердің қаржысы қайтарылды. «20 шақты компанияны шақырып қала құрылысшыларымен жиналыс болған. Соның ішінен өзінің ұсынысын білдірген екі компания болды. «К7 групп» компаниясына алданып қалған тұрғындар бастаманы қолдады. Мәселе кезіндегі салымшылар мен жеке инвестордың екі ортадағы келісімі негізінде шешіліп жатыр», – деді Ақтау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бекнұр Балиұлы. Айта кетейік, Ақтауда 200 үлескер заңсыз құрылысқа ақша салып, алданып қалған. «Гаухар тас» тұрғын үй кешенін салушы компания пәтерлерді бірнеше рет сатып жіберген. Кейін салымшылардың ақшасын алып, қашып кеткен. Кейін тұрғындарды пәтерсіз қалдырған компания басшысы қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір 20 шағын ауданда заңсыз тұрғын үй құрылысы тоқтатылды.