Маңғыстау жастары «Ақ жолмен» бірге!» челленджін бастады

Жас «ақжолдықтар» әлеуметтік желілерде «2021 жылға «Ақ жолмен» бірге!» челленджін бастады.

Челлендж партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол – жастар» жастар қанатынан бастау алды. Желілердегі шара алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына арналған.

«Ақжолдықтар» бейнеролигінде партия ұсынған өзгерістер және олардың қажеттілігі туралы еске салып, сайлауға белсенді қатысуға және Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына дауыс беруге шақырады.

«Жарқын жолмен ізгі мақсаттарға! «Ақ жол» үшін дауыс бер!», – дейді жастар.

Back to top button