«Ақ жол» партиясының кандидаттары теміржолшылармен кездесті

«Ақ жол» партиясының кандидаттары теміржолшылармен кездесті

«Ақ жол» партиясының кандидаттары теміржолшылармен кездесті
ашық дереккөзі
Арыс қаласы теміржол депосының жұмысшылары «Ақ жол» партиясының республикалық штаб мүшелерімен өткен кездесуде өзекті мәселелерді талқылады. Үгіт-насихат тобы Оңтүстік өңірге сапары барысында Арыс қаласындағы SGM-group компаниясының теміржол депосында болды. Мекемеде 200 адам жұмыс істейді, негізінен жастар жұмыспен қамтылған. Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанымдарын талқылаумен бірге, жұмысшыларды алаңдататын проблемалар жөнінде пікір алмасты. «Әрине, теміржолшылардың жалақысы жаман емес. Дегенмен несие үстемақысы 25-28 пайыз болып тұрғанда, мұндай жүкті көтеру қиын. Бұл жөнінде партиямыздың Ұлттық банкке «базалық ставканы 4-5 пайыздан төмендету керек» деген алты сауал жолдағаны туралы баяндадық», – деді А.Перуашев. Ол сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Қаржы министрлігінің Kaspi Gold арқылы салық салу жоспарларына қарсы тұрғанын да еске салды. «Карточка ұстаушылардың басым көпшілігінің несиесі бар. Бұл сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты, олардың көпшілігі банктерге қарыз және өзара берешегі бар адамдар. Төлем карточкаларын ұстаушылардың ішінен жасырын миллионерлерді таба алмайсыз. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамайды, өз нанын өздері тауып жүрген адамдар. Жасырын миллионерлерді миллиондаған пара алатындардың, миллиардтаған ақшаны офшорға шығаратындардың ішінен іздеген дұрыс», – деді А.Перуашев. Мәжіліс депутаттығына кандидат Қазыбек Иса Арыс қаласының тұрғындарын «Егер сіз елімізде оң өзгерістер болғанын қаласаңыз, «Ақ жолмен» бірге болыңыз!», – деп «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.