«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Абай кесенесіне барды

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рабиға Тосейітова мен Шығыс Қазақстан облысының мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Өскемендегі «Астана-Бизнес» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Абай кесенесіне барды.

Кездесу барысында Рабиға Тоқсейітова мен Фарид Әбітаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасына ерекше тоқталды.

«Ауылдықтардың» айтуынша, экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыруға алып келеді.

«Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және осы топқа атаулы қолдау көрсетуді көздейді.

2011 жылмен салыстырғанда 2019 жылы еліміздегі экспорттың жалпы көрсеткіші 84 млрд-тан 58 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл орайда АӨК өнімдерінің экспорты 1,8 млрд-тан 3,2 млрд АҚШ долларына дейін (немесе экспорттың жалпы құрылымындағы үлестің 5,65%) тұрақты өсуін көрсетіп отыр.

«Бұл арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері әлемдік нарықта әрдайым сұранысқа ие болатынын және өзінің АӨК экспорттық әлеуетін дамыту жағдайында Қазақстан айқын жол аша алатынын көрсетеді», – дейді Фарид Әбітаев.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемінің өсуіне қарамастан АӨК саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының деңгейі төмен  – 301,4 АҚШ доллары. 2010-2019 жылдары бұл көрсеткіш республика бойынша орташа айлық жалақымен салыстырғанда 38,2-53% төмен.

«Партия бұл жағдайды экспорт көлемінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аграрлық саладағы әлемнің жетекші елдерінде АӨК өнімдері үлесінің жалпы көлемі 20-дан 40 пайызға дейін экспортталады, ал бізде бұл көрсеткіш 6 пайыздан аз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тұрақты экспортпен айналысатындар арасындағы еңбекақы деңгейі соңғыларының 17 пайызға жоғары төлейтінін көрсетеді», – дейді кандидат.

Back to top button