Көпбалалы әйелдер әлеуметтік төлемдердің көлеміне наразы

Көпбалалы әйелдер әлеуметтік төлемдердің көлеміне наразы

Көпбалалы әйелдер әлеуметтік төлемдердің көлеміне наразы
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Ақпан» ауылының тұрғындарымен кездесті. Қарағанды облысы, Осакаров ауданында орналасқан елдімекенге мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар – Қ.Айтуғанов, Т.Зейнуллина, К.Алияқпарова, И. Скуловец, Г. Крапивенко  және М.Андреева барды. «Ауыл» партиясынан Осакаров аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Галина Крапивенко «Ауыл» партиясының әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жоспары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Қазіргі уақытта көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін 6 жәрдемақы төлемі ұсынылған. Төлемдердің мөлшері туылған, тәрбиеленетін, бірге тұратын балалардың санына байланысты. Ауыл тұрғындарына аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығына құжаттар жинау үшін қайта-қайта бару қиындық туғызады: көбі ауданға шапқылаудан шаршайды да, тіпті әлеуметтік көмек алуға тырыспайды»,  – дейді кандидат. «Ауылдықтардың» сөзін қолдаған «Ақпан» ауылының әйелдері көпбалалы отбасыларға мемлекет қолдауына үміткер болу үшін өз табысының төмен деңгейін дәлелдеуге тура келетініне наразылық білдірді. Олардың пікірінше, бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер қысқамерзімді және ештеңеге жетпейді. Айта кетейік, «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасында отбасындағы балалар саны мен табыс деңгейіне қарамастан, әрбір балаға 18 жасқа толғанға дейін  жәрдемақы төлеуді ұсынады.