Ауылдар қираған күйінде қалып қойса, қаланың проблемасы шешілмейді

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Найдоровское» ЖШС-да болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу кезінде кандидат Т.Зейнуллин «Ауыл» партиясы ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуды басты басымдық ретінде айқындағанын атап өтті. «Ауыл» өкілі соңғы20 жыл ішінде мемлекет экономикасын индустрияландырумен ғана айналысқанын және осыған орай ауыл проблемалары шешілмегенін айтты. Қолайсыз жағдайларға, жұмыссыздыққа, мектептер мен ауруханалардың жабылуына байланысты көптеген адамдар ауылдарын тастап, жақсы өмір іздеп қалаларға көшеді. Оның пайымдауынша, ауылдар қираған күйінде қалып қойса, қаланың проблемасы шешілмейді.

«Найдоровское» ЖШС аралау барысында Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов кәсіпорын қызметкерлеріне партияның Қазақстанды аграрлық елге айналдыруға шақыратынын айтып, осы трансформацияны қаржылық қамтамасыз ету туралы өз ойымен бөлісті.

«Шенеуніктер мен қаржы институттарының басшылары мұндай батыл шешім қабылдауға қауқарсыз. «Ауыл» бұған азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң қабылдау арқылы қол жеткізуге ниетті. Ұсынылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты –  аграрлық саланы экономиканың басқа салаларынан басым деп тану және оның субъектілеріне –  үй шаруашылықтарынан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарына дейін сөзсіз қолдау көрсету», – дейді Қ.Айтуғанов.

Қазіргі уақытта шаруалардың көпшілігі үшін субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер алу әлі қолжетімді емес екені белгілі. Оларсыз ауыл шаруашылығымен айналысу өте қиын. Айтуғанов Қазақстанда несиені 20 және одан да көп жылға беруге болады, оның үстіне ең төменгі пайызбен (2%), ал ауыл тұрғындары үшін қаржы өнімдерін тіпті кепілсіз етуге болады деп есептейді.

Back to top button